Консулдық ақпарат

08.05.2020. 10:19

Латвиядағы төтенше жағдай мен шет елдердегі  короновирус індетіне байланысты шектеу шараларын көңілге ала отырып, Латвияның дипломатиялық және консулдық өкілдіктері төтенше жағдай кезінде наурыз айының 16-нан мамыр айының 9 маусымға дейін консулдық көмек көрсетуді жалғастырады.

Сонымен қатар,  жоспарлы тікелей қабылдау жүргізілмейді. Мемлекеттердің мүдделері мен гуманитарлық себептерге байланысты жағдайлардан басқа, виза алу сұранымдары тек сыртқы қызмет көрсететін визалық орталықтарында қабылданады. Латвияда тұруға ықтиярхат сұранымдары қабылданбайды.

Латвия Үкіметінің қаулысы бойынша Covid-19 таралуын тоқтату мақсатымен 2020 жылдың мамыр айының 9 маусымына дейін төтенше жағдайы енгізілуіне байланысты,  наурыздың 26-нан бастап визаға құжаттар "Пони Экспресс" визалық орталығында төмендегі категорияға кіретін тұлғалардан ғана қабылданады:

  • денсаулық қорғау мамандары, денсаулық сақтау құралдарын зерттеушілер және әлеуметтік қызмет жұмыскерлер;
  • жақын туыстың ауыр сырқат  немесе жерлеу себептеріне байланысты тұлғалар;
  • әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты қызмет міндеттерін атқарып жатқан тұлғалар (Елшілікпен келісілген жағдайда);
  • халықаралық автомобиль тасымалдаушылары;
  • кейбір жағдайда Д категория визасын қажет ететін тұлғалар (Елшілікпен келісілген жағдайда).

Бұл өзгерістер сақтық шараларын қамтамасыз етіп, мүмкіндігінше инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында енгізілуде.

Сондай-ақ, бұдан былай өкілдіктердің үздіксіз жұмыс істеуі және өкілдіктермен телефон, пошта немесе электрондық пошта арқылы байланысуға мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.